21.11.2011, 10:17 3579

Астанада су құбырының жарылуы салдарынан 10 шақты ықшамаудан иен 6 көшенің тұрғындары сусыз қалды

Астанада тозығы жеткен құбырдың жарылуы салдарынан 10-ға жуық шағын аудан мен 6 көшенің тұрғындары сусыз қалған.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Астанада су құбырының жарылуы салдарынан 10 шақты ықшамаудан иен 6 көшенің тұрғындары сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада тозығы жеткен құбырдың жарылуы салдарынан 10-ға жуық шағын аудан мен 6 көшенің тұрғындары сусыз қалған.

Құбырдың жарылуы 20 қараша күні, кешкі сағат алты жарымда Жансүгіров көшесі, 2-де болды. Оның диаметрі 1 метрді құрады. Салдарынан №1, 2, 2а, 3, 4, 5, 6 сондай-ақ, Ақбұлақ-2, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жақ беткейлері) шағын аудандары, Абылай хан, Момышұлы даңғылдары мен Ил-Фараби, Мүсірепов, Рысқұлбеков және Жұмабаев көшелерінің тұтынушылары сусыз қалды.

Төтенше жағдайды жоюмен "Астана су-арнасы" МКК-ның 14 адамы мен 5 техникасы айналысуда.

Айта кетейік, аталған мекен-жайда, яғни Жансүгіров көшесі, 2-үйде құбыр 20 қараша күні таңертең де жарылған болатын. Ол уақытта Абылай хан даңғылы бойында орналасқан 12 үй су тапшылығын көрді. Бірақ күндіз "Астана су арнасының" қызметкерлері апатты-қалпына келтіру жұмыстарын толығымен аяқтап, барлық тұтынушыға суды қосқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны