15.10.2010, 13:29 2786

Астанада су құбырларында болған екі апаттың салдары жойылды - ТЖМ

Астанада су құбырларында болған екі апаттың салдары жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15 - қазан. Kazakhstan Today - Астанада су құбырларында болған екі апаттың салдары жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 2010 жылдың 14-қазанында сағат 06.15 Астана қаласының Сарыарқа ауданында ескірген құбыр жарылып кеткен. Соның салдарынан Жеңіс даңғылындағы №№8, 8/1, 7; Кенесары көшесіндегі №№13, 15, 16, 17, 19, 21, 22, 23, 25, 27 үйлер сусыз қалған.

20.45 апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, сумен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілген.

Сонымен қатар, 2010 жылдың 14-қазанында сағат 12.50 Астана қаласының Алматы ауданында № 23 және № 33 үйлердің арасындағы тозығы жеткен құбыр жарылған. Соның салдарынан Қ. Байсейтов көшесіндегі №№104, 105, 109 үйлер мен №5 қалалық аурухана сусыз қалған.

Мекеменің хабарлауынша, 18.30 апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, сумен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны