16.05.2007, 09:24 1370

Астанада темір жол бекетінде күкірт қышқылы құйылған цистернадан қышқыл ақты

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Астанада темір жол бекетінде күкірт қышқылы құйылған цистернадан қышқыл ақты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Сарыарқа ауданында темір жол бекетінде 15-мамырда 19 сағат 15 минутта №50402254 цистернасынан қышқыл төгілді. Жүкті жіберуші - Алтынтау темір жол бекеті, Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты", ал қабылдаушы - Жаңатас темір жол бекеті, "ЦАПВ сауда-транспорттық комитеті" (ОҚО).

Цистерна жіберушінің өкілі келгенге дейін қосалқы жолға қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны