11.01.2010, 10:08 1545

Астанада төрт бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

Астанада төрт бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

Астана. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада төрт бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сарыарқа ауданының Өндіріс кентіндегі Шевцов көшесіндегі жер үйде 10 қаңтарда сағат 11.21-де көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 12 және 6 жасар қыздар көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, осы ауданда Степная көшесіндегі саяжайлар массивінде 10 қаңтарда сағат 10.42-де көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 3 және 1 жасар балалар көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны