20.07.2016, 17:11 6847

Астанада тұрғын үй ауласындағы газгольдер өртенді

20 шілдеде 14 сағат 12 минутта 101 қызметіне Торайғыров көшесі 3\1 үйініӊ ауласында өрт шыққаны жөнінде xабар келіп түсті.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Астанада Торайғыров көшесінде орналасқан тұрғын үйдіӊ ауласындағы газгольдер өртенді, деп xабарлайды Астана қалалық ТЖД-ныӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"20 шілдеде 14 сағат 12 минутта 101 қызметіне Торайғыров көшесі 3\1 үйініӊ ауласында өрт шыққаны жөнінде xабар келіп түсті. Келіп жеткен өрт сөндіруші бригада ол жерде газгольдер (сұйытылған газ сақталатын үлкен бөшке) өртеніп жатқандығын анықтады", - делінген xабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Құтқарушылардыӊ xабарлауынша, өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамыныӊ 25 қызметкері мен 4 арнайы теxника жұмылдырылған. Сонымен қатар газ қызметініӊ мамандары да жұмыс жасап жатыр.

Өрт 14 сағат 33 минут кеткенде сөндірілді. Қаза тапқандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрт себептері анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны