06.01.2014, 21:43 25516

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін түнде 02:25-те Астана қаласы Қ. Сәтбаев көшесіндегі (бұрынғы Мирзоян) 17 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің ("Нұр Отау" тұрғын үй кешені) қосалқы қабатында орналасқан "Демалыс" моншасынан өрт шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің ақпараттық орталығынан хабарлады.

Тілсіз жау 03:39-да тіркеліп, 03:51-де сөндірілді. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ "МАО" ММ 1 техникасы мен 3 адамы, Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы мен жеке құрамының 40 адамы жұмылдырылды. 10 шаршы метр жер отқа оранды. 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 15-і балалар. Бәрі де дін аман.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны