29.09.2011, 10:25 3278

Астанада тұрғын үйде болған өрт салдарынан бір адам мерт болды

Құтқарушылар оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты. Қазір оның тұлғасы анықталуда. Жалын үйдің 20 шаршы метр аумағын жойды.

Астана. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада тұрғын үйде болған өрт салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ауданы, Уәлиханов көшесіндегі жекеменшік үйде сағат 22.36 өрт шыққан. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 17 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Құтқарушылар оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты. Қазір оның тұлғасы анықталуда. Жалын үйдің 20 шаршы метр аумағын жойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны