31.08.2006, 09:53 64986

Астанада тұрғын үйдің тоқсатысындағы өрт салдарынан 150 адам басқа жаққа көшірілді

АСТАНА. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада тұрғын үйдің тоқсатысындағы өрт салдарынан 150 адам басқа жаққа көшірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, түн ортасында Ил-Фараби ықшамауданындағы бір тұрғын үйдің тоқсатысының шахтасы мен кабинасында өрт шыққан. Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде 150 тұрғын басқа жаққа көшірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрт 00 сағат 18 минутта шоғырландырылып, 00 сағат 43 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінің 57 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны