23.08.2006, 13:13 2919

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, оның құрамында патрулді -күзет қызметінің екі қызметкері бар

АСТАНА. 23 тамыз . Kazakhstan Today. Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, оның құрамында патрулді-күзет қызметі батальонының екі сарбазы бар. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ тергеу комитеті төрағасының орынбасары Ұлықбек Патсаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұ.Патсаевтың ақпараты бойынша, аталған қылмыстық топ "жезөкшелік сияқты салада ықпал ету бағытын өзгертуге" әрекет еткен.
"Осы текетірестің салдарынан бәсекелес топ жетекшісі мерт болды: оны пәтерлерге алып барып, ұрып-соғып, ай сайын тапқан табысымен бөлісуді талап еткен, алайда ол бас тартқан, ақыры болмаған соң оны өлтіріп, мәйітін Есіл өзеніне ағызып жіберген",-дейді тергеу комитеті төрағасының орынбасары.

"Бүгінгі таңда бес адам тұтқындалды, олардың арасында патрульді-күзет қызметінің екі қызметкері бар, екі азаматтан қаладан шықпау туралы қолхат алынды, оған қоса осы қылмысқа Ішкі әскер полициясы қызметкерінің қатысы бар жоғы анықталу үстінде, оған әзірге айып тағылған жоқ ", деп атап өтті Ұ.Патсаев.

Қазіргі таңда тергеу аяқталуға жақын. Ұ.Патсаевтың айтуынша, ұсталғандар ҚК бірқатар баптары, атап айтқанда, 235 (қылмыстық топ құрып жетекшілік ету), 178 (тонау), 96 (кісі өлтіру ) бойынша жазаға тартылады.

"Бұл - қылмыстық топқа тағылатын басты айыптар. Осы іс бойынша айыптау қортындысы жасалып сотқа жіберіледі",- дейді тергеу комитеті төрағасының орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны