24.05.2011, 11:24 2984

Астанада ҰҚКД тергеу изолияторының жанында автокөлік жарылып, екі адам қаза тапты

Жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарының айтуынша, жарылыс ҰҚК ТИ ғимаратының маңында сағат 4.00 шамасында болған.

Астана. 24 - мамыр. Kazakhstan Today - Астанада ҰҚКД тергеу изолияторы ғимаратының жанында автокөлік жарылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарының айтуынша, жарылыс ҰҚК ТИ ғимаратының маңында сағат 4.00 шамасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жарылған. Жарылыс салдарынан екі адам мерт болған. Жарылған көліктің ұшқындары мен құрбан болған адамдардың денесі жарылыс болған жерден 50 метр қашыққа шашырап кеткен. Жақын маңдағы үйлердің терезелері сынып, жарылыс маңында тұрған көліктер бүлінген.

Маңайындағы үйлердің тұрғындары зардап шекпеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны