13.07.2026, 10:35 34381
Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толық сөндірілді
Сурет: ҚР ТЖМ
Достарға айту
Астана қаласы Байқоңыр ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрт 3 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілді. Өртті тиімді сөндіруді қамтамасыз ету үшін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар полигон аумағын инертті материалмен жабу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді. Бұл мақсатта Астана қаласының әкімдігі инженерлік және құрылыс техникасының жұмысын қамтамасыз етті, ал топырақ жеткізу үздіксіз ұйымдастырылды. Жалпы полигонға шамамен 15 мың тонна инертті материал жеткізіліп, пайдаланылды. Бұл өрт ошақтарын оқшаулауға, полигон аумағын барынша жабуға және оттың қайта таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.08.2026, 14:47 2271
Қарағандыда үстіне ағаштың бұтағы құлаған бес жасар бала мерт болды
Қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Қарағандыда апатты жағдайдағы ағаштың бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Ekaraganda.kz.
Қайғылы оқиға Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Ақпаратты полиция растады.
"Кәмелетке толмаған баланың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Алматыдағы Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында сынған ағаш бұтағы әйелдің өмірін қиған болатын. Биыл ақпан айында Шымкентте де үстіне ағаш құлаған оқушы қаза тапқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 11:15 2816
Қарағанды облысының төрт ауданын дала өрті шарпыды
Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Достарға айту
Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында дала өрті тіркелді. Өртпен күресуге және елді мекендерді қорғауға 620 адам және 134 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жағдай қатты соққан жел салдарынан қиындап отыр. Қарқаралы ауданында 1989 және 1970 жылдары туған екі ер адамды күйік шалды. Бір зардап шегушінің денесінің 10%-ын, екіншісінің 20%-ын күйік шалған. Екеуі де ауруханада жатыр, жағдайлары тұрақты.
Жаңатоған ауылының маңында әуеден барлау жұмыстары жүргізілді. Жаңа өрт ошақтары анықталған жоқ, елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнында 159 адам мен 52 техникадан тұратын екі топ — жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Бесоба ауылының маңындағы қыстақтарда болған үш өрт ошағы, Ақтоғай және Шет аудандарындағы табиғи өрттер толығымен жойылды. Ондағы жағдай тұрақты әрі бақылауда.
«Аптап ыстық пен қатты соққан жел салдарынан дала өртінің қаупі әлі де сақталып отыр. Бақылау тұрақты болуы керек, жергілікті әкімдіктер Төтенше жағдайлар департаментімен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет», — деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 15:37 8406
Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды
Достарға айту
Қазақстанның ұлттық электр желісі операторы KEGOC-тың электр беру желілерінің апаттық ажыратылуына байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше ауданында жарық өшті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«KEGOC» АҚ-ға тиесілі кернеуі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды», — деп түсіндірді АЖК.
Мекемінің мәлімдеуінше, ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт-ты құрады.
Алматы облысының он ауданында — Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында электр жарығы өшті.
Алматыда электр қуатының өшуі Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарын қамтыды.
Сондай-ақ, Kazakhstan Today оқырмандары Алматының Түрксіб және Медеу аудандарында да электр қуаты өшкенін хабарлады.
Агенттік журналистері түсініктеме алу үшін KEGOC компаниясына сұрау салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 10:22 11236
Алматыда жоғары дәрежелі шақыру бойынша өрт сөндіріліп жатыр
Достарға айту
Алматыда өрт сөндірушілер шақырудың жоғары дәрежесі бойынша өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қаланың Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде орналасқан қоймада шыққан.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті оқшаулау және жалынның таралуына жол бермеу үшін бірнеше өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды.
Өрттің аумағы мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге хабарланған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 16:49 12896
Астанада баланы футбол қақпасы басып қалды: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр
Достарға айту
Полиция Астанада тоғыз жасар баланың үстіне футбол қақпасының құлап кету дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқыс оқиға 10 тамызда жаттығу кезінде болған. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бала қақпа жақтауына асылғаннан кейін қақпа оның үстіне құлап кеткен.
"Бала жарақат алды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады департамент.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы оқиға болған алаңның жекеменшік футбол мектебіне жалға берілгенін хабарлаған болатын. ҚФФ аталмыш нысан мен жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізуді бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 12:42 13366
Алматыда жер сілкінді
Достарға айту
12 тамыз күні Алматыда жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қала тұрғындары да әлеуметтік желілерде жер сілкінісін сезгендерін жазуда.
Кейінірек ТЖМ Астана уақыты бойынша сағат 12:14-те күші 2 балдық жерасты дүмпулері тіркелгенін нақтылады.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.
Естеріңізге сала кетсек, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болып, 130-дан астам адам қаза тапқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 18:05 14451
Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті
ҚФФ балаға және оның отбасына қолдау білдіреді
Достарға айту
Астанада жаттығу кезінде футбол қақпасы баланың үстіне құлап кетті. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ).
Оқыс оқиға болған спорт алаңын ҚФФ жекеменшік футбол мектебіне жалға берген.
Қазіргі уақытта федерация оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін нысан мен жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр. ҚФФ оқиғаны тергеуде құқық қорғау және басқа да құзыретті органдарға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Астанада ер адамды футбол қақпасы басып қалып, ол қаза тапқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.08.2026, 10:12 18731
Қазақстанның екі өңірінде аптап ыстық салдарынан орман өрті шықты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аптап ыстық салдарынан Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде барлық өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, өртті сөндіруге РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
"Елімізде аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен РМҚК "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде",- деп мәлім етті мекемеден.
Бұған дейін "Семей орманы" аумағында екі орман өрті шыққан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.08.2026, 09:25Қазақстан шығыстағы су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жоба әзірлеп жатыр
14.08.2026, 18:36 58111Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті - Көшербаев15.08.2026, 11:36 54181Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды15.08.2026, 11:20 52776Тоқаев Конгоны Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі деп атады15.08.2026, 14:15 52056Үш жыл жүргізілген келіссөз: Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне енгізілді15.08.2026, 15:26 51816Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды
24.07.2026, 17:33 106021АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99726Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 98296Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда23.07.2026, 16:25 93656Мәскеуде Яссауи іліміне қатысы бар XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды23.07.2026, 14:36 92181Сарапшы: Алматының бас жоспарына қатысты дау - қаланың жаңа даму моделіне төтеп беру қабілетіне қатысты мәселе

