01.10.2009, 09:29 1404

Астанада жай үйдегі өрттің салдарынан төрт адам, соның ішінде жас нәресте ауруханаға жатқызылды

Астанада жай үйдегі өрттің салдарынан төрт адам, соның ішінде жас нәресте ауруханаға жатқызылды

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Астанада жай үйдегі өрттің салдарынан төрт адам, соның ішінде жас нәресте күйіктермен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада Сарыарқа көшесіндегі Тілендиев даңғылында мансарда үлгісіндегі жер үйде 1 қазанда сағат 01.23-те 300 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан 23 жастағы әйел мен жас нәресте, сондай-ақ, 70 және 46 жастағы әйелдер ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 06.24-те "Тазалық" АҚ, "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 27 адамы мен 8 техникасының және ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны