25.02.2010, 10:46 1280

Астанада жер үйде шыққан өрттің салдарынан бір әйел мен төрт бала мерт болды

Астанада жер үйде шыққан өрттің салдарынан бір әйел мен төрт бала мерт болды

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада жер үйде шыққан өрттің салдарынан бір әйел мен төрт бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Сарыарқа ауданындағы Ақан Сері көшесінде жер үйде сағат 06.17-де өрт шықты. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіру барысында 35 жастағы әйел мен 4 бала : 14 жасар қыз, 12, 6 және 2 жасар ұл балалардың мәйіттері табылды.

Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 25 адамының күшімен 08 сағат 24 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны