30.12.2008, 09:52 1868

Астанада жылу магистраліндегі апат жойылды

Астанада жылу магистраліндегі апат жойылды

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Астанада жылу магистраліндегі апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 28 желтоқсанда сағат 11.45-те Астананың Алматы ауданы Абылай хан даңғылында диаметрі 500 миллиметрлік жылу магистралі жарылды. Соның салдарынан Республикалық клиникалық аурухана, Республикалық Ұлан, Балалар аулылы, "Мирас" мектебі, "Мирас" тұрғын үй кешені мен Абылай хан даңғылындағы бес, Ил-Фараби ықшамауданындағы үш тұрғын үй жылусыз қалды.

ТЖМ мәліметінше, 28 желтоқсанда сағат 20.30-да жылу магистраліндегі апат жойылды, жөндеу жұмыстары "Теплотранзит"ЖШС күшімен атқарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны