21.02.2007, 10:47 3037

Астанадағы 2-ші Жылу электр орталығында екі қазандықтың жұмысы тоқтатылды, жылу желілеріндегі температура 6 градусқа төмендеді

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Астанадағы 2-ші Жылу электр орталығында екі қазандықтың жұмысы тоқтатылды, жылу желілеріндегі температура 6 градусқа төмендеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеменің ақпаратына сәйкес, 20-ақпанда 18 сағат 40 минутта Алматы ауданындағы 2-ші Жылу электр орталығында жылытатын бетінде тесік түзілу салдарынан №4 қазандықтың жұмысы тоқтатылды. Сонымен бірге 21 сағат 00 минутта экономайзер тесілуге байланысты №3 қазандықтың жұмысы тоқтатылды.

21 сағат 30 минуттағы жағдаймен 2 қазандық пен 4 турбина жұмыс істеп тұрды, берілетін судың температурасы Цельсий өлшемімен 72 градус, шыға берістегі температура 52 градус болды.

Электр қуаты сатып алынуда. Жылу желілеріндегі температура 6 градусқа төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны