08.12.2011, 14:10 3347

Астанадағы балабақшалардың біріне іргелес тұрған ғимарат өртенді

7 желтоқсан күні Сарыарқа ауданы, Конституция көшесінде орналасқан үш қабатты балабақшаға іргелес тқрған бір қабаты әкімшілік ғимараттан өрт шықты. ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 5 техникасы тілсіз жаудың ошағын 27 минутта жойып, тағы 20 минуттан кейін оны толығымен ауыздықтады. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады. Белгілі болғандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанадағы балабақшалардың біріне іргелес тұрған ғимарат өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада балабақшаға жапсарлас салынған әкімшілік ғимаратта өрт шығып, 83 адам, соның ішінде 68 бала қауіпсіз жерге шығарылған.

7 желтоқсан күні Сарыарқа ауданы, Конституция көшесінде орналасқан үш қабатты балабақшаға іргелес тқрған бір қабаты әкімшілік ғимараттан өрт шықты. ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 5 техникасы тілсіз жаудың ошағын 27 минутта жойып, тағы 20 минуттан кейін оны толығымен ауыздықтады. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады. Белгілі болғандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны