25.05.2011, 17:04 3306

Астанадағы бомбалау кезінде бас сауғалайтын орында болған өрттен ешкім зардап шеккен жоқ

Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Бибігүл Есмағамбетова хабарлаған.

Астана. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Астанадағы бомбалау кезінде бас сауғалайтын орында болған өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанадағы Бомбапанада болған өртті тек сейсенбі күні кешкісін ғана сөндіру мүмкін болған.

Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Бибігүл Есмағамбетова хабарлаған.

"Жиырма төртінші мамыр күні сағат 17.15 кезінде өрт шыққандығы туралы хабар келіп түскен, оқиға орнына ТЖД басшылары мен жедел топ дер кезінде келіп жетті. Сағат 17.49 кезінде олар (өртеген жерге келгендер) қажетті аппаратты киіп, ішін барлауға кіріп кетті. Нәтижесінде бомбапананы құммен көму керек деп шешім қабылданған. Өртті сөндіру сағат 22.22 кезінде жасалған", - деді ол.

Есмағамбетованың айтуынша, өрт сөндірушілер, бомбапанада 30 шаршы метрлік "қоқыстың" өртенгенін анықтаған.

"Онда ешқандай адам денесі (ТЖ қызметкерлері) табылмаған, яғни жараланғандар жоқ. Өрттің себептерін тексеру тобы анықтайды", - деп аяқтады ол сөзін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны