13.12.2010, 13:52 3380

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде төрт пәтер өртініп кетті

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде төрт пәтер өртініп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде төрт пәтер өртініп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ЖМ хабарлауынша, 12 желтоқсан күні сағат 10.56 Сығанақ көшесінде орналасқан 8 қабатты тұрғын үйдің бірден төрт пәтерінден өрт шығып, жалын 170 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндіру кезінде 26 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Тілсіз жаумен күреске ТЖМ Астана қаласы бойынша департаменті өртке қарсы құрылымының 47 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылып, жалын 1 сағаттың көлемінде ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны