Система Orphus

Астанадағы мектептерде қатты боранға байланысты сабақ тоқтатылды

22.02.2008, 11:07 2380

Астана. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы мектептерде қатты боранға байланысты 1-4 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Астана қалалық білім беру департаментінің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінен хабарлады.

"Күшті желге байланысты бүгін таңертең ерте 1-4 сынып оқушылары үшін сабақты тоқтатуға шешім қабылданды. Күн райын болжаушылар мұндай ауа райы күні бойы жалғасады деп болжауда, біз 12 сағатта Астанадағы мектептердің басшылығын екінші ауысымда оқитындар үшін сабақты тоқтату жөнінде хабардар ететін боламыз", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Бүгін түнде Астанада сынап бағанасы 10 градус суықты көрсетсе, желдің жылдамдығы секундына 16 метрге, кей кездері 26 - 28 метрге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны