09.11.2009, 18:30 2931

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны соңғы мәліметке сәйкес тоғыз адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан дейін ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровтың хабарлағанындай, өрт салдарынан төрт адам болған. "Өрт сөндірушілер, бір өкінерлігі, төрт адамның мәйітін алып шықты", - деді В. Петров.

Оның айтуынша, қаза тапқандардың аты-жөні анықталуда. Қазір өрт сөндірушілер ғимаратта қалған басқа адамдарды іздестіруде, алайда ТЖМ қызметкерлерінде ғимаратта нақты қанша адам бар екендігі туралы дәлде-дәл мәлімет жоқ. Өрттің шығу себептері мен шығын көлемі әзірге белгісіз.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы Можайский көшесінде, жаңа көпір маңында 1200 шаршы метр аумақта пенопласт пен жылылағыштар қоймасы өртенуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны