29.12.2011, 11:07 3327

Астанадағы саяжайлардың бірінен өрт шығып, бір адам мерт болды

Кеше Астананың газ аппаратуралары зауыты аумағындағы саяжайдағы үйден өрт шыққан. 5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан күйік шалған 36 жастағы әйел ауруханаға апара жатқан кезде қаза тапты, ал 8 жастағы қыз жансақтау бөліміне жеткізілді.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанадағы саяжайлардың бірінен шыққан өрт салдарынан 36 жастағы әйел көз жұмып, кішкентай қыз жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Астананың газ аппаратуралары зауыты аумағындағы саяжайдағы үйден өрт шыққан. 5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан күйік шалған 36 жастағы әйел ауруханаға апара жатқан кезде қаза тапты, ал 8 жастағы қыз жансақтау бөліміне жеткізілді.

Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны