25.03.2011, 13:02 4574

Астанадағы ТЖО бірінде ірі өрт болды

Астанадағы ТЖО бірінде ірі өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - Астанадағы ТЖО бірінде ірі өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астана қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде ірі өрт болып, техникалық қызмет көрсету стансысымен қатар дәмхана, кеңсе ғимараты мен автокөліктер, сонымен қатар тұрғын үй коттеджі жанып кеткен.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ж.Тархан көшесіндегі екі қабатты кешен мен екі қабатты зәулім үй, 24 наурыз күні шамамен түнгі он екі кезінде отқа оранған. ТЖМ таратқан ақпаратта айтылғандай, өрт 1500 шаршы метр жерді қамтыды.

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген ақпаратта. 80 адамнан құралған өрт сөндірушілер бригадасы өртті тек таңғы сағат 04.23 кезінде ғана ауыздықтай алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны