21.01.2011, 16:39 3352

Астанадағы зәуліп тұрғын үйлердің бірінде электр сымы өртеніп, 58 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Астанадағы зәуліп тұрғын үйлердің бірінде электр сымы өртеніп, 58 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Астанадағы зәуліп тұрғын үйлердің бірінде электр сымы өртеніп, 58 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 23.51 Б. Момышұлы даңғылында орналасқа "Шығыс" тұрғын үй кешенінің тоғызыншы подъездінде 7-ші қабат пен 14-ші қабат аралығында кабель жүргізген шахтада электр сымы өртенген.

Өрт 21 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 58 адам, соның ішінде алты бала қауіпсіз жерге көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны