16.01.2012, 11:40 3026

Астанадағы жаңадан салынып жатқан мешіт өртеніп, бір адам мерт болды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар бұл ақпаратты растап отыр. "Біз бұл ақпарды растаймыз. Бір адамның мәйіті табылды", - дейді ТЖД өкілі.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанадағы жаңадан салынып жатқан "Хазірет Сұлтан" мешітә өртеніп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар бұл ақпаратты растап отыр. "Біз бұл ақпарды растаймыз. Бір адамның мәйіті табылды", - дейді ТЖД өкілі.

Оның айтуынша, құтқарушылар өртенген ғимаратты барлау барысында бір жұмысшының мәйітін тауып алған.

ТЖД мәліметтеріне қарағанда, "Хазірет Сұлтан" мешітінің 800 шаршы метрі өртеніп кеткен. Өрт сағат 17:01-де ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны