14.03.2012, 15:47 3128

Астанадағы жанармай бекеттерінің бірінде өрт шығып, бір адам зардап шекті

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті Тәшенов көшесінің бойында орналасқан "Асқар" жанар-жағармай құю стансысында болған өрттің шығу себептерін хабарлады.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Астанадағы жанармай бекеттерінің бірінде өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті Тәшенов көшесінің бойында орналасқан "Асқар" жанар-жағармай құю стансысында болған өрттің шығу себептерін хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметіне сәйкес, төтенше оқиға жайындағы ақпарат сағат 11.00-12.00 аралығында түсті. Оқиға орнына 5 минуттың ішінде жеткен өрт сөндіру қызметі шұғыларада тілсіз жауды сөндіруге кіріскен.

"Өрт ошағы жүргізуші кабинасынан шыққан. Өртеніп жатқан көліктің цистернасында жеңіл тұтанатын сұйықтықтың болуы жағдайды одан әрі қиындатты. Қауіп-қатерді ескерген елордалық құтқарушылар өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғандығына қарамастан жинақы әрі сауатты қимылдап, өрттің таралуына жол бермей, ірі қайғылы оқиғаның алдын алды. Жалын 11.35-те өшірілді", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер келгенше, қолын 2-3 дәрежелі күйік шалған жүргізуші Травматология ғылыми-зерттеу институтына жеткілді. Төтенше оқиға орнына Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 16 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу тобы өрттің шығу себептерін анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны