10.10.2011, 10:33 3133

Астанадағы жатаханалардың бірінде болған өрт салдарынан 55 адам қауіпсіз жерге көшірілді

10 қазан күн сағат 1.00 Астанада үш қабатты шағын отбасылық жатақханада ағаш шарбақ жанып, 55 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Астанадағы жатаханалардың бірінде болған өрт салдарынан 55 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қазан күн сағат 1.00 Астанада үш қабатты шағын отбасылық жатақханада ағаш шарбақ жанып, 55 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрттің шығуы салдарынан 2011 жылы туған нәресте мен 18 жасар қыз түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілген.

Өрт сағат 1.24 ауыздықталып, 2.14 түгелдй сөндірілді. Жалын 6 шаршы метрге аумақты шарпыған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны