18.10.2011, 10:16 3499

Астанадағы жатаханалардың бірінде болған өрт салдарынан бес бала зардап шекті

Астанада шағын отбасыларға арналған жатақханада болған өртте 5 бала, соның ішінде жаңа туған екі сәби көмірқышқыл газына уланып қалған. Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілген.

Астана. 18-қазан. Kazakhstan Today - Астанадағы жатаханалардың бірінде болған өрт салдарынан бес бала зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауыша, Астанада шағын отбасыларға арналған жатақханада болған өртте 5 бала, соның ішінде жаңа туған екі сәби көмірқышқыл газына уланып қалған. Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілген.

Өрт 17 қазан күні, сағат 13.08 Астананың "Алматы" ауданындағы Жансүгіров көшесі, 9 мекен-жайында орналасқан шағын отбасыларға арналған 5 қабатты жатақхананың бірінші қабатынан шыққан. Белгілі болғандай, өрт электрлі тұстамадағы кабельден тұтанған.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 30 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған. Тілсіз жау 30 минутта ауыздықтаған. 25 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Көмірқышқыл газына уланған бес бала, атап айтқанда, жаңа туған екі нәресте, сонымен қатар 1, 3 және 5 жастағы үш бала ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны