26.10.2006, 09:51 2880

Астана-Мәскеу бағытындағы жолаушылар поезының бас вагоны шойын жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Ақмола облысында Астана-Мәскеу бағытындағы жолаушылар поезының бас вагоны шойын жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 25-қазанда Ирченко темір жол бекетінде болған. Астана-Мәскеу бағытында қатынайтын 8 вагоны бар №71 жолаушылар поезының бас вагоны 9 сағат 30 минутта шойын жолдан шығып кетті. Вагон аударылған жоқ.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Вагондардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. 12 сағат 40 минутта вагон шойын жолға шығарылып, отарбалардың қозғалысы жөндеушілер тобының күшімен қалпына келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны