29.10.2009, 14:51 3158

Астананың әкімшілік орталығында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты

Астананың әкімшілік орталығында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты

Астана. 29 қазан. Kazakhstan Today - Астананың әкімшілік орталығында салынып жатқан ғимаратта бүгін өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің маманы Любовь Шапошниковаға сілтеме жасап.

"Сағат 11.40-та сол жақ жағалауда салынып жатқан "Каспиан" ғимаратында өрт шықты деген хабар келді. Өрт 9-шы қабата шыққан, жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыды", - деді Л. Шапошникова.

Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 7 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 57 адамының күшімен 12 сағат 21 минутта сөндірілді.

"Ғимарат тек салынып жатқандықтан, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде", - деді Л. Шапошникова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны