20.12.2009, 11:47 2862

Астананың Халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты жабылды

Астананың Халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты жабылды

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астананың Халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Астананың Халықаралық әуежайы" АҚ-ның өндіріс жөніндегі вице-президенті Сейіл Қыпшақбаевқа сілтеме жасап.

"Кеше кешке жауған жаңбырдан ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты әзірге әуежай жабық", - деді ол.

Осы орайда ол ұшу сапарларының қашан жалғасатынын айта алған жоқ. "Қазір адамдар жұмыс істеп жатыр. Мұздан тазарту жұмыстары аяқтала сала біз әуежайды ашамыз", - деді Сейіл Қыпшақбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны