04.10.2007, 15:08 2746

Астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатқан көпірдің конструкциясы құлап, бір адам қаза тапты

Астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатқан көпірдің конструкциясы құлап, бір адам қаза тапты


Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатқан көпірдің конструкциясы құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі оқиға болған жерден.

Куәлердің айтуынша, бүгін күннің бірінші жартысында салынып жатқан жаяу жүргіншілер өтпелінің бірі құлаған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, көпірдің құлауы салдарын бір жұмысшы қайтыс болып, тағы бірнеше адам жарақаттанған.

Көлік жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі Есілдің сол жағалауында, астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатыр.

Салынып жатқан көпір конструкциясының құлауына қатысты түсіністеме беру үшін агенттік тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне жүгінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны