04.10.2007, 16:01 2692

Астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатқан көпірдің конструкциясы құлап, бір адам қаза тапты (кеңейтілген нұсқа)

Астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатқан көпірдің конструкциясы құлап, бір адам қаза тапты (кеңейтілген нұсқа)

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатқан көпірдің конструкциясы құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Куәлердің айтуынша, бүгін күннің бірінші жартысында салынып жатқан жаяу жүргіншілер өтпелінің бірі құлаған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, көпірдің құлауы салдарын бір жұмысшы қайтыс болып, тағы бірнеше адам жарақаттанған.

Көлік жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі Есілдің сол жағалауында, астананың жаңа әкімшілік орталығында салынып жатыр.

Салынып жатқан көпір конструкциясының құлауына қатысты түсіністеме беру үшін агенттік тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне жүгінді.

Агенттік тілшісіне Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші бөлімінен хабарлағандай, бүгін 11.26 салынып жатқан жүргіншілер көпірінің маңында жұміс істеп жүрген "Қостанайстрой" ЖШС жұмысшысына құрылыс материалы құлап, ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында мерт болғандығы" туралы хабар келіп түскен.

"Қайғылы оқиғаға техникалық қауіпсіздікті бұзу себеп болған",- деді жедел бөлімшедегілер. Бірақ кезекші, қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғандығын айтқан жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны