28.02.2012, 17:34 4274

Астраханьда үйінділер астынан үшінші адамның мәйіті табылды

Кеше түнде Астраханьда газ жарылысынан құлаған 9-қабатты тұрғын үйдің үйінділері астынан құтқарушылар тағы бір адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Астраханьда үйінділер астынан үшінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше түнде Астраханьда газ жарылысынан құлаған 9-қабатты тұрғын үйдің үйінділері астынан құтқарушылар тағы бір адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Осылайша, апаттан қаза болғандар саны үш адамға жетті. Тағы да 10 адам із-түссіз жоғалғандар санатында. Оларды іздеу жұмыстары дамылсыз жүріп жатыр. Осы уақытқа келіп түскен мәліметтерге қарағанда, Төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері 26 адамды құтқарған, олардың 7-і ауруханаға жатқызылды. Илеуметтік Даму Денсаулық сақтау министрлігі мен қаржы Министрлігі алдағы уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккен отбасылардан өтемақы төлеуге қажет құжаттарды жинап, дайындайды. Селекторлық жиында Ресей премьер-министрі Владимир Путин осындай тапсырма берді.

Апат зардаптарын жою жөніндегі комиссияны бірінші вице-премьер Виктор Зубков басқарады. Апат дүйсенбі күні түстен кейін 9-қабатты тұрғын үйде болды. Газ жарылған бір подъезд түгелдей 9-шы қабатқа дейін құлап түскен. Көршілес пәтерлер де қирады. Апатқа байланысты ,,құрылыс және өзге де жұмыстарды жүргізу барысында қауіпсіздік ережесі бұзылып, абайсызда адам өліміне себеп болған,, деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны