09.08.2011, 15:02 3634

Атырау қаласындағы базарлардың бірі өртке оранды

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлауынша, өрт таңертең басталған.

Алматы. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Атырау қаласындағы базарлардың бірі өртке оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Атырауда "Көктем" киім-кешек базары жанып жатыр.

Tengrinews.kz-тің ҚазТАГ пен Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлауынша, өрт таңертең басталған.

"Өрт жергілкті уақыт бойынша сағат 07.20-да басталды. Изірге өрттің шығу көзі анықталған жоқ. "Көктем" базары, 4 қабатты ғимараттың жартысы жанып жатыр", - деп хабарлады ТЖД.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге өртті толықтай сөндіру қиынға соғып тұр. Қазір тілсіз жаумен өрт сөндіру қызметінің төрт жасағы күресіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны