09.06.2011, 10:08 1792

Атырау облысы аудандарының бірінде жауған жауын-шашынның көлемі төрт айлық нормаға жеткен

"8 маусымда сағат 12.15-те Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында нөсерлі бұршақ (диаметрі 12 мм) аралас жаңбыр жауды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Астана. 9 - маусым. Kazakhstan Today - Атырау облысы аудандарының бірінде жауған жауын-шашынның көлемі төрт айлық нормаға жеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Атырау облысында жауған ірі бұршақтар (Диаметрі 12 мм) үйлердің шатырын қиратқан.

"8 маусымда сағат 12.15-те Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында нөсерлі бұршақ (диаметрі 12 мм) аралас жаңбыр жауды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Өңірде 82 мм жауын-шашын түскен, бұл 4 айлық нормаға тең", - деп нақтыланған хабарламада.

"Соның нәтижесінде ауданның алты үйі мен ауылдық кітапхананың шатыры қирап, төбесінен су аққан. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны