19.06.2009, 09:27 1258

Атырау облысында 15 мың гектар аумақтағы дала өртін бір тәуліктен аса уақыт бойы сөндірді

Атырау облысында 15 мың гектар аумақтағы дала өртін бір тәуліктен аса уақыт бойы сөндірді

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында 15 мың гектар аумақтағы дала өртін бір тәуліктен аса уақыт бойы сөндірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Қызылқоға ауданының Жангелді сауылдық округінде Темірбай, Ойтан, Теміршағыл, Баба далалқ учаскелерінде 16 маусымда сағат 13.20-да дала өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт жалпы 15 мың гектар аумақты шарпыды. Өрт Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 6 адамының, "Миялы-Сервис" ЖШС-нің 37 адамы мен 6 техникасының күшімен 03 сағат 00 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны