16.06.2009, 09:28 1257

Атырау облысында 4,5 мың гектар аумақта далалық өрт шықты

Атырау облысында 4,5 мың гектар аумақта далалық өрт шықты

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында 4,5 мың гектар аумақта далалық өрт шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облысының Қызылқоға ауданында аудан орталығынан 140 шақырым жерде Борсан, Балмағамбет, Кермеқаз, Қарақалпақ, Абай, Мұздыбұлақ далалық учаскелерінде 13 маусымда сағат 11.30-да4,5 мың гектар аумақта далалық өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 29 адамының күшімен 04 сағат 15 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны