08.02.2012, 15:29 3236

Атырау облысында 500 жолаушысы бар пойыз қар құрсауында қалып қойды

Атырау облысында Құлсары аудан орталығынан бірнеше шақырым жерде таңертеңнен бері қар құрсауында жолаушылар пойызы тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақтаудан шыққан пойызда 500-ге жуық адам бар.

Атырау. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысында 500 жолаушысы бар пойыз қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Атырау облысында Құлсары аудан орталығынан бірнеше шақырым жерде таңертеңнен бері қар құрсауында жолаушылар пойызы тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақтаудан шыққан пойызда 500-ге жуық адам бар.

Ең далада қар құрсауында қалған құрамға көмекке маневрлік пойыздар жөнелтілді. Бірақ олардың жолды тазартуға бағытталған әрекеттерінен әзірше нәтиже жоқ.

Оқиғаға орнына, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттандырылды. Жолаушылар Құлсары қаласына эвакуацияланатындығы жоққа шығарылмайды. Бірақ оны қалайша жүзеге асыруға болатыны әзірге белгісіз - жылжымалы құрамға баратын жолдар қалың қартың астында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны