28.01.2010, 09:44 1664

Атырау облысында Астрахань - Ақтөбе трассасында болған апаттан төрт адам зардап шекті

Атырау облысында Астрахань - Ақтөбе трассасында болған апаттан төрт адам зардап шекті

Астана. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында Астрахань - Ақтөбе трассасында болған апаттан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінде Астрахань - Ақтөбе тас жолының 679-шы шақырымында 27 қаңтарда сағат 21.55-те "Мерседес" және ВАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен "Мерседес" көлігінде отырған 16 жасар қыз бен 28 жастағы жігіт түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны