22.05.2007, 09:41 2739

Атырау облысында аусылға шалдыққан малдың саны 2136-ға жетті

АСТАНА. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Атырау облысында аусылға шалдыққан малдың саны 2136-ға жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-мамырда Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жеке меншіктегі 1200 бас ірі қарадан 348 басты малдың аусылға шалдыққаны анықталды. Оның 18-і өртеліп, арнаулы мал қорымына көмілді. "Диагнозды "Республикалық мал дәрігерлік зертхана" РҚКК қан сынамасын зерттеу арқылы зертханалық тексеруде анықтады",- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Атырау облысының Қызылқоға ауданында үй жануарларының аусылмен ауыруына байланысты 21 күндік карантин жарияланды.

Алғаш індетті жұқтырған мал 20-сәуірде анықталған болатын.

Министрліктің хабарлауынша, 21-мамырдағы жағдаймен 1326 шаруашылық, 5365 ірі қара, 15700 ұсақ мал тексерілді. Соның ішінен аусылмен ауырған 1991 ірі қара, 145 ұсақ мал анықталып, 1511 ірі қара мен 45 бас ұсақ мал, 313 кезбе ит, 28 мысық өртелді.

38 507 бас ірі қара мал мен 23583 ұсақ малға вакцина егілді. Карантиндік-шектеу шаралары қолданылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны