06.04.2007, 10:39 1624

Атырау облысында бір тұрғыннан сайғақтың мүйізі тәркіленді

АСТАНА. 6 сәуір. Kazakhstan Today. Атырау облысында заңсыз жолмен табылған 45 сайғақтың мүйізі тәркіленді Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР ІІМ табиғатты қорғау полициясы бөлімінен хабарлады.

Полицейлердің ақпараты бойынша Батыс ІІД қызметкерлері Атырау-Алматы бағытындағы № 29 пойызында жүргізген тексеру жұмыстары кезінде Атырау облысының тұрғынын қолға түсірді. "Ийелдің жүктерін тінту кезінде сайғақтың 45 мүйізі табылып тәркіленді",- деп түсініктеме берді табиғатты қорғау полициясының бөлімшесінен. Алдын-ала келтірілген есеп бойынша мемлекет қазынасына 5 млн теңге көліменде шығын келтірілген.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 183 бабы бойынша /қылмыстық жолмен табылған мүлікті жымқырды және саудаға салды/ қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны