20.04.2010, 10:06 1669

Атырау облысында екі ер адам балық аулап жүріп суға кетті

Атырау облысында екі ер адам балық аулап жүріп суға кетті

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Атырау облысында екі ер адам балық аулап жүріп суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы Қамыскөл каналында сағат 13.20-да 24 жастағы жігіт балық аулап жүріп суға кетті. Оның мәйітін ертеңінде судан құтқару қызметтері шығарып алды.

Сондай-ақ, Махамбет ауданының Алмалы кентінде Орал өзеніне сағат 17.40-та балық аулап жүріп 32 жастағы жігіт батып кетті. Ертеңінде оның мәйітін сағат 14.55-те судан құтқару қызметі судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны