09.08.2011, 11:00 3276

Атырау облысында магистралды газ құбыры жарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында магистралды газ құбыры жарылып, өрт шыққан.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Атырау облысында магистралды газ құбыры жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында магистралды газ құбыры жарылып, өрт шыққан.

Баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Атырау облысының Жылыой ауданының Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтағы "Интер Газ Центральная Азия" АҚ-ның диаметрі 1400 мм САЦ-4 магистралды газ құбыры жарылып, оқиға салдарынан өрт шыққан. Осыған қарамастан магистралды газ құбырының екінші желісімен тұрғындарға көгілдір отыр беру тоқтатылған жоқ, деп мәлім етті мекемеден.

Өрт 2,5 сағаттан кейін сөндірілген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны