05.03.2012, 16:35 3163

Атырау облысында магистральді газдың жарылуы ауа райының төмен температурасы салдарынан болған

"3 наурызда Қызылқоға ауданының Қарабау кентінен шамамен 12 шақырым жердегі торапта 400 миллиметрлік газ құбырының жарылған жері табылды. Ауа райының төмен температурасы полиэтиленді құбырдың қысылуына, апаттың орын алуына әкеп соққан", - деп хабарланды облыстық Төтенше жағдай департаментінен.

Атырау. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Атырау облысында магистральді газдың жарылуы ауа райының төмен температурасы салдарынан болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 1-нарузы күні магистральді газ құбырында жарылыс болып, салдарынан 14 елді мекен газсыз қалған болатын.

"3 наурызда Қызылқоға ауданының Қарабау кентінен шамамен 12 шақырым жердегі торапта 400 миллиметрлік газ құбырының жарылған жері табылды. Ауа райының төмен температурасы полиэтиленді құбырдың қысылуына, апаттың орын алуына әкеп соққан", - деп хабарланды облыстық Төтенше жағдай департаментінен.

ТЖД-нің берген ақпаратына қарағанда, бірнеше күн бойы газсыз қалған елді мекен мен әлеуметтік нысандар мазут арқылы жылытылды. Газбен жылытылатын қазандықтар мен жылыту жүйелерінің қатып қалуы туралы оқиғалар тіркелген жоқ. 3 күн бойы газсыз қалған елді мекенде 16 600 адам тұрады. Бұл жерде газбен жылытылатын 2776 тұрғын үй мен 41 әлеуметтік нысан бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны