10.06.2013, 10:36 2722

Атырау облысында мұнай құбыры жарылып, қара алтын 3,2 мың шаршы метр жерге төгілді

Облыстық ТЖД-ден хабарлағандай, апат "ЕмбіМұнайГаз" құрылымдық бөлімшесінің "ЖайықМұнайГаз" мұнай-газ өндіру басқармасында орын алды. Мұнай құбыры "Жаңаталап" пен "Балғымбаев" кен орындарының учаскесінде жарылды.

Атырау. 10-маусым. Kazakhstan Today - Атырау облысында беймәлім себептермен мұнай құбыры жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ТЖД-ден хабарлағандай, апат "ЕмбіМұнайГаз" құрылымдық бөлімшесінің "ЖайықМұнайГаз" мұнай-газ өндіру басқармасында орын алды. Мұнай құбыры "Жаңаталап" пен "Балғымбаев" кен орындарының учаскесінде жарылды.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан жапа шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, мұнай өнімдері төгілген аумақ 3 123 шаршы метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны