26.10.2009, 13:18 2643

Атырау облысында мұнай тиелген вагондар аударылды, оқыс оқиға орнында өрт шықты

Атырау облысында мұнай тиелген вагондар аударылды, оқыс оқиға орнында өрт шықты

Атырау. 26 қазан. Kazakhstan Today - Атырау облысында мұнай тиелген вагондар аударылды, оқыс оқиға орнында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2009 жылдың 26 қазанында сағат 03.06-да Мақат ауданындағы Мақат станциясында жеті вагон аударылды, олардың төртеуіне мұнай тиелген, қалғандары - бос болған. Апат салдарынан цистерналарында мұнай бар екі вагон өртенді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, өрт сағат 07.48-де сөндірілді. "Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жүр, олар апаттың шығу себептерін анықтауда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны