13.01.2016, 13:36 5124

Атырау облысында мұнайшылар қазған орға мал құлап, қырылып жатыр

Оқиға Исатай ауданына қарасты Жаӊаталап кен орны маӊында болған. Тереӊдігі 2 метрге жуық шұӊқырға түсіп кеткен жылқылардыӊ өлексесін өздері шығара алмаған иелері арнайы техника шақыртты. Қазірдіӊ өзінде 50 бас малдыӊ өлексесі қар астынан алынды. Тұрғындардыӊ айтуынша, ұзындығы 13 шақырым болатын шұӊқырдыӊ ішінде әлі де өлі мал жатуы мүмкін.Бірақ жауапты мекеме бұларға үлгертпей, шұӊқырды көміп тастауда

Атырау. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оқиға Исатай ауданына қарасты Жаӊаталап кен орны маӊында болған. Тереӊдігі 2 метрге жуық шұӊқырға түсіп кеткен жылқылардыӊ өлексесін өздері шығара алмаған иелері арнайы техника шақыртты. Қазірдіӊ өзінде 50 бас малдыӊ өлексесі қар астынан алынды. Тұрғындардыӊ айтуынша, ұзындығы 13 шақырым болатын шұӊқырдыӊ ішінде әлі де өлі мал жатуы мүмкін.Бірақ жауапты мекеме бұларға үлгертпей, шұӊқырды көміп тастауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Жылқылар түсіп өлген шұӊқыр Жаӊаталап мен Салтанат кен орындары арасына газ құбырын тарту үшін қазылған екен. Бұл жұмыстар өткен жылдыӊ желтоқсанында аяқталуы тиіс болатын. Бірақ белгісіз себептерге байланысты аяқталмапты. Енді жұмысын жөнді орындамаған мердігердіӊ кесірінен қарапайым халық қырғын малынан айрылып отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Өлген малдардыӊ біразы ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында берілген несиеге алынған. Жылқы өсіріп, жан бағамыз деген жұрттыӊ бес күннен бері өлексе жинап жүрген жайы бар. Кейбірі бір-екі бас малынан, енді бірі үйірінен айрылған.

Мұрат Қадыров, Аққыстау ауылыныӊ тұрғыны:

- Жұмыссыз отырған адамдар бар осы малға қарап отырған. Енді оған біреу жауап беру керек қой деп ойлаймын.

Жансиық Мұхамбетәлиев, Аққыстау ауылыныӊ тұрғыны

-1-2 күн боран көмбеген, соныӊ себебінен малымыз траншеяны көрмей түсіп кеткен. Айғырым үйірімен кетті.

Қазылған шұӊқырдыӊ иесі - "Монолит Инвест" фирмасы. Мұндағы жұмыстар өткен жылдыӊ тамызында басталып, 4 айда аяқталуы тиіс екен. Бірақ сынақтан өтпеуі себепті тартылған құбырлар көмілмеген. Бірақ фирма басшылығы жылқыны ол жерге итеріп құлатқан жоқпыз деп жауапты қысқа қайырды.

Бибінұр Юсупова, "Монолит Инвест " ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

-Ешкім ол жылқыны ол жерге итеріп құлатқан ешкім жоқ ол жерге. Траншея бар болғаны жарты метр ені. Біздіӊ Атыраудыӊ жылқылары секіріп өтіп кету керек. Қар жауғаннан кейін айналып өтетін жол болды. Жолдыӊ барлығы жабылып қалғаннан кейін жылқылар өте алмай траншея жақтан өткен ғой.

Ал малдыӊ қырыла бастағанына аптаға жуықтаса да, ол жерге бір рет те барып көрмеген аудан басшылығы уайымдайтын еш нәрсе жоқ деп жайбарақат отыр.

Тұрарбек Сұлтанбеков, Исатай ауданыныӊ әкімі:

-Біз енді бұл мәселені қадағалауда ұстап отырмыз. Мердігер мекеме осы қызметті атқарған "Монолит инвест" ЖШС-мен сөйлесіп отырмыз. Компенсация төлейміз деп отыр. Келіспеген жағдайда, қылмыстық іс көтеріледі, сот арқылы шешіледі.

Аудан әкімі бұлай деп басу айтқанымен, жылдар бойы жинап келгенінен бір күнде айрылып қалған жұрт сенгісі жоқ. Сондықтан енді тиісті орындарға жұмыла арыз жазбақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны