17.09.2008, 09:43 1234

Атырау облысында өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Атырау облысында өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Атырау облысының Мақат ауданы Мақат кентінде 16 қыркүйекте жай үйде 07 сағат 27 минутта 120 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Өрт салдарынан 51 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйел қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 9 адамының көмегімен 08 сағат 40 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны