21.04.2011, 18:31 4005

Атырау облысында РФ шекарасынан жеті шақырым жерге зымыран құлады

Атырау облысында РФ шекарасынан жеті шақырым жерге зымыран құлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - Атырау облысында РФ шекарасынан жеті шақырым жерге зымыран құлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның аумағына, Ресей Федерациясымен арадағы мемлекеттік шекараға жақын жерге белгісіз ұшатын аппарат құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Жергілікті атқарушы өкіметтерге сілтеме жасап облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның хабарлауынша, далалы алқапқа зымыран құлаған. Құдай сақтап, ол жарылмай қалған, сондықтан да жауынгерлік жаттығулар өтіп жатқан Ресейдің Астрахан облысындағы полигоннан ұшырылған зымыран әскери емес, жаттығу зымыраны деп пайымдауға болады.

"Зымыран Ресей Федерациясымен арадағы мемлекеттік шекарадан 7 шақырымдай жерге, Атырау және Астрахан облыстарының түйіскен аумаққа құлаған. Зымыран құлаған нүкте Атырау облысы Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылынан 30 шақырымдай жерде орналасқан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына аудандық әкімдік пен төтенше жағдайлар ведомствосының өкілдері аттанды", деп хабарлады С.Жұмашева.

Фото: chaskor.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны