22.01.2010, 09:28 1628

Атырау облысында табиғи газдан улану салдарынан алты адам ауруханаға жатқызылды

Атырау облысында табиғи газдан улану салдарынан алты адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында табиғи газдан улану салдарынан алты адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының Жұмыскер-2 кентіндегі жер үйде 22 қаңтарда сағат 05.29-да табиғи газ шығуы салдарынан алты адам, соның ішінде үш бала уланып, ауруханаға түсті.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында Жалпақ Төбе ауылындағы жеке меншік жер үйде 21 қаңтарда сағат 05.47-де көмір жағатын пештің ақауы салдарынан үш адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны